×

18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Оны өз еліне экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр

 Динара Амантай 29.03.2024 | 10:04
Фото: polisia.kz

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Қазір оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама