Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында шетелдіктерге заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Прокуратура жер заңнамасы сақталуының заңдылығына талдау жүргізді

 Динара Амантай 29.03.2024 | 09:44
Ақмола облысында шетелдіктерге заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Сандықтау ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасы сақталуының заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатында шетелдік азаматқа заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама