×

Абай облысында жоғалған 3 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Олар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатыспаған

 Динара Амантай 29.03.2024 | 09:18
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысының Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен 3 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы трактормен «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Аталған трактор көлігіндегі 2 ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған. Алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған. Бүгінде аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз.

Сондай-ақ 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап өту керек, зардап шеккен азаматтар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатыспаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама