×

Шымкентте жазасын өтеп шыққан қарияны қарттар үйі қабылдаудан бас тартқан

Ер адам Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің көмегіне жүгінген

 Халық үні 29.03.2024 | 08:50
Фото: freepik.com

Шымкентте түзету мекемесінен жазасын өтеп шыққан қарияны қарттар үйі қабылдаудан бас тартқан. Ер кісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінен көмек сұраған, деп хабарлады OTYRAR сайты.

Түрмеден бостандыққа шыққан ер кісі үй-күйсіз жүрген. Оның қалада туыстары да жоқ, жалғыз қалған. Сәйкесінше оның тұрғылықты жері де, тіркеуі де болмаған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі араласып, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ол Қарттар үйіне орналастырылды. Оның жеке куәлігі жоқ екенін білген мамандар құжатын қалпына келтіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген екен. Ал Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығы оның құжаттарын рәсімдеуден бас тартқан.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі өтініш берушіге тиісті құжаттарды жинауға және өңдеуге көмектесіп, Шымкент қаласы көші-қон полициясы басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сұрау салуға бастамашылық жасады. Нәтижесінде Абай аудандық ПБ көші-қон қызметінің мамандары өтініш берушінің жеке куәлігін беру үшін құжаттандыру туралы өтінішін қабылдады. Өтініш қаралып, толық мақұлданды», - делінген омбудсменнің баспасөз қызметінің мәліметінше.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама