×

Алматыны шаңды дауыл басып қалды

Тұтқиылдан соққан қатты боран қаланы әп-сәтте әбігерге салды

 Халық үні 28.03.2024 | 19:40
фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда кенеттен шаңды дауыл болып, нөсер жауын жауды, деп хабарлады Halyq Uni. 

Қала тұрғындары шаңды дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілетінін мәлім етті.

Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама