Halyq Uni логотип
×

Мақтааралда мұғалім оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткен (ВИДЕО)

Мен сабағыма өзім жауап беремін, ақ көйлекпен отырады

 Халық үні 28.03.2024 | 20:52
Мақтааралда мұғалім оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қазіргі таңда жағдайды жан-жақты зерделеу үшін Түркістан облысының білім басқармасы мен білім сапасын қамтамасыз ету департаменті өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

Әлеуметтік желіде ұлттық киіммен сабаққа барған оқушыларға ұрсып, оюлы жакетін күштеп шештірген ұстаздың видеосы тарады.

«Мен сабағыма өзім жауап беремін, ақ көйлекпен отырады» — деген мұғалім мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына да дауыс көтереді. Видеодағы кадрда жылап тұрған оқушы қыз мұғалімнің сабақ үстінде психологиялық қысым көрсетіп, негізсіз жаңа дәптер арнатқанын айтады. 

Аталған жағдай 14-наурыз күні Мақтаарал ауданында болған. Түркістан облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде бұл мәселені ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өз бақылауына алған. 

Қазіргі таңда жағдайды жан-жақты зерделеу үшін Түркістан облысының білім басқармасы мен білім сапасын қамтамасыз ету департаменті өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті шаралар қабылданады. Мектеп оқушысына педагог-психологтардан қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Бұл оқиға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, — делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама