Олар көліктердің қозғалысына кедергі келтірген
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша 2 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сотта анықталғандай, 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде айыпталушылар 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқықбұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.