×

Зарина Дияс екі жыл үзілістен кейін кортқа қайта шығады

Турнир 1-7 сәуір аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2024 | 16:43
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысады.

Бұл турнир Заринаның жарақатына байланысты екі жылға созылған үзілістен кейінгі алғашқы додасы. Ол содан кейін 12-13 сәуірде Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Жапонияға қарсы ойнайды.

Кезінде әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген Зарина Дияс теннистегі ең үлкен табысына Жапонияда жеткен. Ол 2017 жылы Токио WTA турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Кеше Зарина Дияс Алматы қаласында жас теннисшілермен шеберлік сабағын өткізді.

Ол ЦСКА теннис орталығында балалармен доп қағысып, ақыл-кеңесін айтты.

Балалармен ойнағаныма өте қуаныштымын. Олардың тенниске деген қызығушылығы өте жоғары. Қазақстанда теннис қарқынды дамып келеді. Сондықтан елімізден көптеген чемпиондар шығатынына сенімдімін. Шеберлік сағатына балалар мен ата-аналардың көптеп келгені қуантады, – деді Зарина Дияс.

Шеберлік сабағынан кейін Зарина Дияс өз жанкүйерлеріне қолтаңбасын таратып, суретке түсті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама