×

Болат Назарбаевтың қызы туралы тың ақпарат жарияланды

Ninety One тобының негізін қалаған Ерболат Беделхан бір жыл Альбина Болатқызының продюсері болды

Фото: Telegram / ABZHAN NEWS

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың қызы көпшілік арасында ALBA деген атпен танымал әнші.

2019-2020 жылдары оның менеджері – танымал Ninety One тобының негізін қалаушы Ерболат Беделхан болды. ALBA-ның дебюті Алматыда өткен Juz Entertainment ұйымдастырған Q POP FEST фестивалінде өтті.

Ерболат Беделхан ALBA-ның бірнеше ән жазуына көмектескен. Бұл туралы одан Болат Назарбаевтың өзі бірнеше рет сұраған екен. Продюсер одан бір рет бас тартуға батылы барған, бірақ келесі жолы ол экс-президенттің інісінің ұсынысын қабылдауға мәжбүр болған. Бұл туралы дереккөздер жариялап отыр.

Альбина Болатқызы мен Ерболат Беделхан бір жыл ғана жұмыс істеді. Танымал әндер жазылмады, алайда бейнеклиптер түсірілді. Ақпарат көздеріне сүйенсек, тректердің әрқайсысына 10 млн теңге жұмсалған, - делінген дереккөз жазбасында. 

Альбина Болатқызы жеке шығармашылығына дейін BN дейтін топта өнер көрсетті. BN деген атау – Болат Назарбаев дегеннің қысқартылған түрі. BN тобының құрамында Альбина, Әлішер және Айдын есімді (туыстар) әншілер өнер көрсетті. Альбина Назарбаева жеке шығармашылығына бет бұрғаннан кейін топтың атауы ALAR болып өзгерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама