Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан қайтарылды

Динара Амантай

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Halyq Uni

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қашқындар 5 жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан Түркия Республикасының аумағында жасырынған. Бүгін қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді.

 Екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.