Бұл жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында болады
Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 келі салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті.
Бұл жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады.
Салмақ өлшеу күнде сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін болады. Жарыс күнде сағат 16:00-де басталады.
Олимпиадаға іріктеу турнирі Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтеді.