Алматы әкімдігі жекеменшікке заңсыз берген саябақ мемлекетке қайтарылды

Динара Амантай

Сот прокуратураның арызын қанағаттандырды

Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасының мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімін заңсыз беру фактісі анықталған. Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген. Кейін бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.