Halyq Uni логотип
×

Ораза ұстаған адамның ағзасында қандай өзгеріс болады?

Қант төмендеп, жүрек соғысы баяулайды, қан қысымы төмендейді.

 Халық үні 27.03.2024 | 23:18
Ораза ұстаған адамның ағзасында қандай өзгеріс болады?
Фото: massaget.kz

Медицина, биология саласы ғалымдарының зерттеулерінде анықталғандай, ораза кезінде адам ағзасында бірқатар елеулі өзгеріс жүреді. Бұл туралы kazislam.kz жазды.

Алғашқы күндері бұрынғы тамақтану дағдысы бұзылған ағза бұлқынысқа түседі. Қант төмендеп, жүрек соғысы баяулайды, қан қысымы төмендейді. Әлсіздік пайда болып, ауыздан жаман иіс шығуы мүмкін. Бұл құбылыстар азғада тазару процесі басталғанының белгісі дейді дәрігерлер. 

Қазір медицинада адамды ашықтыру арқылы да емдеу әдісінің қолданылуы осы ислам дініндегі парыз – ораза ұстауды зерттеуден шыққан тәжірибе. Бұдан кейін азға ораза тәртібіне бейімделіп, ас қорыту жүйесі демалады екен. Қорғаныш жүйесінің белсенділігі артып, жаңалау үрдісі басталады. 

Адам ағзасындағы жасушалардың ашығу кезіндегі қызметін зерттеген жапон молекуляр биолог ғалымы – профессор Есинори Осуми ашыққан кезде он екі сағаттан кейін жасушалар тазару жұмысын бастайтынын анықтаған. Бұзылған ауру жасушаларды сау жасушалар жеңіп, ауыстыруға кіріседі екен. Міне осы ашқан жаңалығы аса жоғары бағаланып, жапон ғалымына Нобель сыйлығы берілді.

Зерттеушінің айтуынша, оразаның екінші онкүндігінде адам өзін сергек сезінеді. Ағзаның өзін өзі емдеу қабілеті артады. Ақырында ағза ашығуға әбден үйреніп алады. Адамның жүйкесі тынышталып, тынығады, ой-санасы тазаланады, тың ойлар келеді, туындаған ұшқыр қиялдар жаңа армандар мен мақсаттарға жетелейді. Есте сақтау қабілеті артады. Осыдан кейін адамның жасампаз істерге баруы сөзсіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама