Halyq Uni логотип
×

Көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор жобасының таныстырылымы өтті

Қазақстанда көру қабілеті бұзылған 160 мың азамат бар, соның ішінде 85 мыңға жуығы ресми тіркелген

 Халық үні 27.03.2024 | 19:32
Көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор жобасының таныстырылымы өтті
Фото: «Тіл-Қазына» орталығы

Көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор бірегей жобасының таныстырылымы өтті. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда көру қабілеті бұзылған 160 мың азамат бар, соның ішінде 85 мыңға жуығы ресми тіркелген.

Бұл бірегей жоба – көру қабілеті нашар адамдарға арналған, экранды дыбыстап оқып беретін инновациялық құрал. Қазақстанда мұндай құрылғыға сұраныс жоғары болса да, бұрын-соңды дәл осындай жетілген формада шықпаған болатын. Осы құралдың көмегімен пайдаланушылар веб-беттерді, электрондық хаттарды және құжаттарды оңай шолып шығып, қазақ тіліндегі ақпаратқа қол жеткізе алады.

Бұл әлемдік стандарттар негізінде жасалған мобильді қосымшаны әзірге Android  арқылы қолдануға болады, iOS мүмкіндігі алдағы уақытта қосылады. Таныстырылым кезінде көру қабілеті нашар жандар тестілеу нәтижелері және апробациядан өткізу кезіндегі өз әсерлерімен бөлісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама