Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы 11 шенеунік жауапқа тартылды
Прокурорлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады
Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы 11 шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы прокурорлары бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын, вакцинация туралы заңнаманың бұзылуын, жалған вакцинация жағдайларын және басқа да бұзушылықтарды анықтады.
Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған. Соның салдарынан бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген.
Басқа жағдайда, «А гепатитіне» қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, 2023 жылы 135 млн теңгеден астам қаржыға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.
Қадағалау актісі бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарын қоса алғанда, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 126 азаматқа жалпы көлемі 8,5 млн теңге айыппұл салынды.