Қайғылы оқиғадан шамамен 140 адам көз жұмды
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым билікті Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған терактіден сабақ алуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады.
Өткен аптада Ресей Федерациясы Мәскеу маңында орналасқан Красногорск қаласындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында террористік акт болды. Салдарынан жазығы жоқ көптеген бейбіт тұрғын қаза тапты. Парламент Мәжілісінің депутаттары қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. Біз, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілектеспіз. Президент терроризмге ешқандай ақтау болмайтынын, бейбіт тұрғындарға жасалған қатыгез, қылмыстық зорлық-зомбылық әрекетін айыптайтынын мәлімдеген. Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып Мәскеу облысындағы қатыгез террористік актіні қатаң айыптап, Ресеймен тілектес екенін атап өтті, - деді Айдос Сарым.
Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесін өткізгенін де атап өтті.
«Онда құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспарлары, сондай-ақ олардың төтенше жағдайда қызметін үйлестіру мәселесі қаралды. Президент терроризмге қарсы іс-қимылды күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берді», - деді депутат.
Айдос Сарым Қазақстан Мәскеудегі терактіден сабақ алуы керек деген ұстанымда.
Олжас Абайұлы, біз, Қазақстан болған оқиғаны жан-жақты зерделеп, сабақ алуы керек деп санаймыз. Оқиғаларды талдау барысында трагедия құрбандарының үштен бірі тікелей террористік шабуылдан қайтыс болған, ал қалған адам шығыны оқиға орнында болған өрт пен дүрбелеңге, күш құрылымдары мен іс-шараны ұйымдастырушылардың бірлесіп әрекет етпеуінен болды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесінде мемлекет басшысы берген тапсырмаларды сөзсіз орындайды деп сенеміз, - деді ол.
Сонымен қатар депутат Үкіметтің мына мәселелерге назар аударуы керектігін ескертті:
Еске сала кетсек, биыл 22 наурызда кешке Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында камуфляж киген бірнеше адам жұртқа оқ жаудырған болатын. Салдарынан ғимаратта жарылыс болып, өрт шықты.
Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, терактіден 139 адам қаза тауып, 180 адам зардап шеккен.