×

Google Street View енді Қазақстанда қолжетімді

Ол арқылы Қазақстан табиғаты мен мәдениетін виртуалды зерттеуге мүмкіндік беріледі

 Динара Амантай 27.03.2024 | 12:45
Фото: @bagdat_mussin_official

Google кеңсесінің қызметкерлері Қазақстанға келді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, олар Қазақстан нарығына қызығушылық танытып, қала инфрақұрылымын дамытудың жаңа құралдарын ұсынған. Google Street View Қазақстан табиғаты мен мәдениетінің таңғажайып алуан түрлілігін виртуалды зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел тұрғындары мен қонақтары үйлерінен шықпай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасы мен өмірін зерттеп біле алады.

Ресурсқа қол жеткізу үшін компьютерден Google картасындағы Street View сары түймесін басыңыз немесе мобильді құрылғыда 360 градустық түсірілімді таңдаңыз. Негізгі қалалар мен тарихи маңызды орындардың айналасындағы маршруттардың жаңартылған көрінісі туризмнің ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуына да ықпал етеді. Біз бұл мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз және Қазақстандағы Google Street View ел ішінде де, одан тыс жерлерде де туристер ағынына ықпал етеді деп үміттенеміз, – деп жазды Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама