Осының нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілмек
Үкімет еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындап, орналастырды.
Қаулы жобасында:
Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан министрлктің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.