×

Президент жұмыс сапарымен Қытайға барады

Ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесулер өтеді

 Динара Амантай 27.03.2024 | 10:13
Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурызда Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сапар аясында Қазақстан президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада QazTrade пен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша экспорттаушылардың екінші форум-конференциясы өткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама