×

Қырғызстан азаматы лаңкестерге пәтер жалға берді деп айыпталуда

Ол көп балалы әке

 Халық үні 26.03.2024 | 19:50
Фото: t.me/moscowcourts

Мәскеу сотында «Крокус Сити Холл» сауда орталығында болған терактіге қатысы бар делінген тағы бір айыпталушыға байланысты материалдар сотқа түсті. Бұл туралы Мәскеу соты Telegram-арнасында хабарлады.

«Мәскеудегі Басманный аудандық соты алдағы күндері Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу органдарының өтінішін қарайды», - делінген сот хабарламасында.

Соттың баспасөз қызметі сот залынан түсірілген кадрларды жариялады.

Ол Крокусқа шабуыл жасауға қатысқан лаңкестердің біріне пәтер жалдап берді деп айыпталуда. Касимов алдағы лаңкестік әрекет туралы ештеңе білмегенін айтады.

Касимов Қырғызстан азаматы. Ол көп балалы әке.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама