Елордада жолды сапасыз жөндеген мердігерлер анықталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көктемде көшедегі жолдардың сапасы тексерілген. Нәтижесінде 2021-2022 жылдар аралығында жөнделген көшелерден ақау табылған.
Тізім төмендегідей:
- Жетіген көшесі, А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
- А. Иманов көшесінің бойы, А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
- Алаш тасжолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
- Мәңгілік ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – «Компания Энергодор» ЖШС;
- Қабанбай батыр даңғылы бойы, Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін – «Сотис групп» ЖШС;
- Жеңіс даңғылы бойы, Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – «Сотис групп» ЖШС;
- Р. Қошқарбаев даңғылы бойы, Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
- Еңлік Кебек көшесінің бойы, Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – «РЕКМА КЗ» ЖШС.
Енді аталған компаниялар өз қаражаты есебінен жолдарды қайта жөндейді. Жұмыстар ауа райы қолайлы болған сәтте жүргізіледі.
Айта кетейік, биыл қалада ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді.