×

Астанада жолды сапасыз жөндеген мердігерлер анықталды

Олар өз қаражаты есебінен жолды қайта жөндейді

 Дәурен Ерболат 26.03.2024 | 17:22
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада жолды сапасыз жөндеген мердігерлер анықталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көктемде көшедегі жолдардың сапасы тексерілген. Нәтижесінде 2021-2022 жылдар аралығында жөнделген көшелерден ақау табылған.

Тізім төмендегідей:

  • Жетіген көшесі, А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • А. Иманов көшесінің бойы, А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
  • Алаш тасжолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
  • Мәңгілік ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – «Компания Энергодор» ЖШС;
  • Қабанбай батыр даңғылы бойы, Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Жеңіс даңғылы бойы, Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Р. Қошқарбаев даңғылы бойы, Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Еңлік Кебек көшесінің бойы, Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – «РЕКМА КЗ» ЖШС.

Енді аталған компаниялар өз қаражаты есебінен жолдарды қайта жөндейді. Жұмыстар ауа райы қолайлы болған сәтте жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл қалада ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама