×

Ақмола облысында есірткі зертханасын құрған тұрғын сотталды

Заңсыз айналымнан 5 келіден астам альфа РVР психотроптық заты тәркіленді

 Динара Амантай 26.03.2024 | 14:48
Фото: Астана қ. прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен есірткі зертханасын заңсыз құрды деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушы куратордың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтерін заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыруға жеке үй тапқан.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде жасырын нарколабораторияның қызметі тоқтатылып, заңсыз айналымнан 50 мыңнан астам бір реттік дозадан тұратын 5 келіден астам альфа РVР психотроптық заты тәркіленді.

Кінәлі сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушы алқабилерге азамат М.-ның зертхананы заңсыз құруға қатысы бар екендігі туралы даусыз дәлелдер келтірді. Алқабилердің үкімімен азамат М. 14 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама