×

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Кінәлі азаматтар жауапқа тартылды

 Динара Амантай 26.03.2024 | 12:37
Фото: gov.kz

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуға тиіс болатын. Алайда облыстың медициналық мекемелері міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан, бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі ақшаны қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген лауазымды 30 азамат жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама