×

Шымкенттегі «Нұр» мешіті 150 отбасына көмек берді

«Куаныш Ешенқұл» жеке қоры демеушілік жасады

 Дастан Жұмабекұлы 26.03.2024 | 11:50
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласының Төлеби ауданында орналасқа «Нұр» мешіті көптеген игі істердің ұйытқысы болып отыр. Мешіттің бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасымен Қасиетті Рамазан айында 150 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Көмекке мұқтаж болған жандардың қайырымдылық іс-шарасына «Куаныш Ешенқұл» жеке қоры демеушілік жасап, 150 отбасына азық-түлік берді. Мешітке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, аудан аумағындағы мешіттерде еңбек ететін азаматтар «Рамазан қоржынына» ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама