Шымкентте криминалистер ауыр қылмысты ашты
Үш қылмыстың куәгерлері бір адамды сипаттап берген
Шымкент қаласында криминалистер қаңтар айында жасалған ауыр қылмысты ашты, деп хабарлады Polisia.kz.
Қаңтар айында Шымкент қаласында пышақ жарақатынан қаза тапқан 3 ер адамның мәйіті табылған болатын. Сол кезде кісі өлтірушілерді іздеу үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді. Куәгерлерге сауал жүргізу кезінде полиция қызметкерлері шабуыл жасағандарды көргендерді анықтады.
Үш қылмыстың куәгерлері бір адамды сипаттап берген. Шымкент қаласының ПД ЖКБ криминалисі Ұлан Сейтханов куәгерлермен байланыста болып, криминалистикалық база бойынша күдіктіні анықтады. Содан кейін тез арада жедел қызметкерлер қылмыскерді ұстады. Осылайша, қылмыс толық ашылды.