Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 616 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам

 Динара Амантай 26.03.2024 | 10:47
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 616 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 422,5 млрд теңге жұмсалған.

  • 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.
  • 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 мың 852 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 мың 91 теңге, базалық зейнетақы – 42 мың 761 теңге.
  • 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама