×

Қазақстанда жемшөп, майлы дақылдар, картоп пен қызылша егісі ұлғаяды – АШМ

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр

 Динара Амантай 26.03.2024 | 10:15
Фото: Ж. Мұсабек

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АШМ мәліметі бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарланған.

Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтіледі, — деді министр.

Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 6,4 мың гектарға қысқаруы болжанып отыр.

Жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Бұдан бөлек, азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланған.

Жаппай егіс науқаны биыл мамырдың екінші онкүндігінде басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама