×

Түркістан облысында мешіттерде ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Тәжірибелі криминалист Шыңғыс Сарсеков бейнеталдау жүйесімен ұрының аты-жөнін анықтады

 Дастан Жұмабекұлы 26.03.2024 | 10:10
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында тәжірибелі криминалист мешіттерден ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады polisia.kz.

Түркістан облысында тәжірибелі криминалист Шыңғыс Сарсеков мешіттерден қайырымдылыққа жиналған қаражатты ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол жақында мешіттерде ақша ұрлаған адамды бейнеталдау жүйесін қолдана отырып, күдіктінің жеке басын анықтай алды.

Қылмыскерді іздеген Түркістан облысы ПД ЖКБ аға криминалисі Шыңғыс Сарсековтің айтуынша, күдікті жергілікті тұрғын болып шыққан. Ол кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама