Halyq Uni логотип
×

Ресей әскері Украинада екі бағытта шабуылдап жатыр

Донбасс үшін кескілескен шайқас жалғасуда

 Дастан Жұмабекұлы 31.05.2022 | 16:44
Ресей әскері Украинада екі бағытта шабуылдап жатыр
Фото: Украина Қарулы күштерінің Бас штабы

Ресейдің армиясы күш жинап, Луганск облысында екі бағытта шабуылға шықты.

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, оккупанттар шабуыл әрекеттерін Северодонецк және Бахмут бағытында қолға алды. Бұдан басқа, Лиман бағытында да ұрыс қимылдарын жалғастыруға дайындалуда.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабының мәліметіне қарағанда, басқыншылар Северордонецкінің шет жағына келіп үлгерді. Қазір қалада әр үй үшін қырғын атыс болып жатыр. Енді Лиман бағытында топтанып алып, шабуылға шығуға дайындалуда.

Жау Лиман елді мекені ауданында әрі қарай жылжу үшін барлау жасап көрді. Бірақ шығынға ұшырап, кері шегінуге мәжбүр болды, – делінген хабарламада.

Ресей әскерлері Бахмут бағытында ұрыс жүргізіп, Золотое, Камышеваха, Нырковое, Берестовое, Покровское, Долмитное аудандарында шабуыл жасауға тырысты. Бірақ ешқандай табысқа жете алмады. Шайқас әлі болып жатыр.

Басқыншылар Донецк бағытында украин әскерінің бөлімшелерін минометтен, стволды зеңбіректен және дүркінді отты реактивті жүйелерден атқылауда. Қалғандары Северодонецк қаласына бақылау орнатуға күш жұмылдыруда. Олар радиоактивті күрес құралдарын белсене қолдануда.

Ресей Қарулы күштерінің командованиесі өз әскері алдына қалай болғанда да, Северодонецкіні басып алу міндетін қойып отыр. Сол мақсатта адам күшін аяп жатқан жоқ. Оккупанттар сапында қазірдің өзінде оққа ұшып, опат болып жатқандар аз емес.

Агенттіктің хабарлауынша, Донбасс үшін кескілес шайқас жалғасуда. Ресейліктер қазір Северодонецкінің шетіне кірген, ал Лиманға шабуылды күшейте бастады.

Украина әскерлері кеше жауды Николаевтан қуып шықты, Херсон облысының бір селосын басқыншылардан азат етті.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама