×

«Крокус сити холда» теракт ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы бір теракт жасамақ болған - БАҚ

Қанды қырғын «Крокус сити холдағы» шабуылмен қатар болады деп жоспарланған 

 Халық үні 25.03.2024 | 19:47
Фото: ТАСС

Мәскеудегі «Крокус сити холда» қанды қырғын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы бір теракт жасамақ болған. Бұл туралы Известия басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, теракттың алдын алып үлгерген. Дегенмен нақты қай елде жасамақ болғаны белгісіз, бірақ «Крокус сити холдағы» шабуылмен қатар болады деп жоспарланған. 

«Крокусқа» барар жолда жанармай құю бекетінен жанармай алып, пластик бөтелкелерге құйған. Кейін оны залды өртеу үшін қолданған», – деп жазды басылым.

Топ террористік ұйым болмаған. Олар теракт болатын күннен бірнеше апта бұрын ғана құрылған. Қатысушылардың екеуі нұсқауды Түркияға барғанда алған, ал өзгелерін Ресей аумағында топқа қосқан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама