×

Шымкент МӨЗ-де жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

Зауытта барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды

 Динара Амантай 25.03.2024 | 11:01
Фото: kazmunaygaspress

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес іске асырылады.

Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.

ПҚОП-та жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама