Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Алматы облысында үй өртеніп, 3 адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше түнде облыстық ТЖД-ның өрт сөндірушілері барак үлгісіндегі үш пәтерлі тұрғын үйдегі өртті жойды. Жеке құрамның 19 адамы және 5 техника 150 шаршы метр аумақта өртті жоюға тартылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Әртүрлі дәрежелі күйік шалған үш ер адам ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселесіне мұқият болуды сұрайды.