×

Ақтөбе облысында шалшық суға құлаған бала көз жұмды

Екінші бала аман

 Халық үні 24.03.2024 | 23:54
Sputnik / Антон Пережогин

Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға құлап, қайтыс болды, деп хабарлады Диапазон

Қайғылы оқиға 23 наурызда шамамен 13:00-де Ебейті ауылында болған. Ағайындылардың екі баласы еріген қар суы жиналып қалған жерде ойнап жүрген. 4 жасар бала етбетімен құлап, суға тұншығып қайтыс болды. Екінші бала аман.

Ол жерде су қатты терең емес, шамамен 15 сантиметр. Еріген қардың суы балалар тұратын үйден 150 метр шалғай жерде жиналып қалған, - дейді әкімдік мамандары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама