×

Қазгидромет 4 өңірінде су тасу қаупі бар екенін ескертті

26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады

 Халық үні 24.03.2024 | 20:57
фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал.

Сондай-ақ 25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп, оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама