Halyq Uni логотип
×

Олжас Бектенов Астанадағы Ресей елшілігіне барды

Бұған дейін ол Михаил Мишустинге телеграмма жолдаған болатын

 Динара Амантай 24.03.2024 | 11:01
Олжас Бектенов Астанадағы Ресей елшілігіне барды
Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама