Halyq Uni логотип
×

Алматы облысындағы жолда жеңіл көлік жанып кетті

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 24.03.2024 | 18:00
Алматы облысындағы жолда жеңіл көлік жанып кетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысындағы жолда жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, кеше Еңбекшіқазақ ауданы Құлжа жолында жеңіл автокөлік толықтай жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сағат 23:20-да өрт сөндірілді. Өрт орнында ТЖД жеке құрамының 4 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Бесағаш ауылында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама