Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 24 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Ел бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 24 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің хабарлауынша, бұрынғыдай атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, тек елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Ел бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді», — делінген хабарламада.