Ресейдегі теракт құрбандарының саны 133 адамға жетті
Іздеу жұмыстары жалғасуда
Мәскеуде «Крокус сити холда» қаза тапқандар саны 133-ке жетті.
Бұл туралы РФ Тергеу комитеті баспасөз қызметі хабарлады.
«Крокус сити холл» концерт залындағы үйінді асында қаза тапқандар саны 133 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында «Пикник» тобының концерті өтуі тиіс болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.