Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады
Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.
Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.
Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.