×

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 23.03.2024 | 10:03
Фото: Жетісу обл. ПД-ның баспасөз қызметі

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, апат Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 336-шақырымында болған. Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Windom көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккендердің бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол-көліки оқиғасының мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр.

ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз және ең алдымен белгіленген жылдамдық режимін асырмаңыз. Автокөлікті басқару кезіндегі жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне және жарақат алуына әкелетінін ұмытпаңыз, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама