Барлық стипендиаттар байланысқа шықты
Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында «Крокус Сити холл» сауда үйінде «Пикник» тобының концерті басталар алдында камуфляж киген үш адам оқ жаудырған. Оқиға салдарынан ондаған адамның қаза тапқаны және 100-ден астам адамның зардап шеккені жайлы ақпарат тарап жатыр.
Бүгінгі таңда Ресейде «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша 32 қазақстандық білім алады екен. Ал 24 стипендиат Мәскеуде.
Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Барлық стипендиаттар байланысқа шықты, - делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстаннның Ресейдегі елшілігі қазақстандық азаматтар үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша сенім телефонын іске қосты. «Крокус Сити холл»концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты қолдау көрсетеді.
Ақорда баспасөз қызметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын хабарлады.
Сондай-ақ Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететіні айтылды.