Ақтауда тұрғын үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Халық үні

Оқиға орнына полиция келген

фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болды. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды lada.kz.

Әлеуметтік желілерде бейнежазба пайда болды – оның кадрларында тіршілік белгісі жоқ ер адамның денесі бейнеленген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

Алдын ала шамалау бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.