×

«Жаңа ғана Қазақстандағы футбол өлді!» - Қуат Хамитов

Ұлттық құрама Грекиядан ойсырай жеңілді

 Халық үні 22.03.2024 | 19:30
Коллаж: turkystan.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңілгеннен кейін Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Оның айтуынша, футболшылар елді бүкіл әлемнің алдында масқара қылды.

Жаңа ғана Қазақстандағы футбол өлді! Сегіз жыл бұрын біреу мені тыңдағанда, мынадай ұят болмайтын еді. Бізді бүкіл әлемнің алдында масқара қылды! Мұның бәрі елдің имиджі үшін деп алдап келді. Негізі бұл қарапайым ғана ұрлық. Мен айтқандай істемейінше, біздің футболдың болашағы жоқ.

Ояныңдар, ғажайып тек ертегіде болады! Айтпақшы, енді Қазақстанда грек салатын жеуге ресми түрде тыйым салынады! Жеуші болмаңыздар», – деп жазды Қуат Хамитов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама