×

Алматыда орталық көшедегі жол опырылып кетті (ВИДЕО)

Жеке инженерлік желілер ішінара зақымданды

 Еркеғали Болатұлы 22.03.2024 | 15:19
фото: видеодан скриншот

Бүгін Алматының Медеу ауданында жол опырылып түсті. Оқыс оқиға топырақтың батпақтануынан болған. Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.

Оқиғаның видеосын Данияр Өмірзақов есімді Facebook қолданушысы жариялаған. Одан жолдың опырылып, апат болған жердің қоршалғанын көруге болады. Медеу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесінің бойындағы жол жиегінде үзік-үзік қираулар болған.

Жеке инженерлік желілер ішінара зақымданды. Үзілген су беру жүйесі қалпына келтірілді. Мамандар оқиға орнын тексеріп, болған жағдайдың салдарын жойып жатыр, - деп хабарлады әкімдік.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама