×

Жаңбыр, көктайғақ, жел: 22 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, шығыста – көктайғақ, елдің оңтүстігінде - найзағай күтіледі

 Халық үні 21.03.2024 | 23:50
фото: kursiv.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның оңтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жел күшейеді. Елдің солтүстік жартысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, шығыста – көктайғақ, елдің оңтүстігінде - найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болуы күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама