«Тауға бармаңыздар»: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Блокпосттар қойылды
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкініне байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni.
Алматы тауларында қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты, блокпосттар қойылды.
Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дабылды ескерту жасады. Жылымықтың әсерінен қатты жауын-шашын түсуіне, сондай-ақ қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін екенін атап өтті, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Қазселденқорғау» мамандары наурыз айында қар көшкінінің ең қауіпті түрі – «сулы қар» көшкіні түсетінін атап өткен.
Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Шымбұлақ ТШК , «Аюсай» бөгетінен жоғары «Визит» орталығы аумағында, «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мерзімдерде тауға бармауларыңызды сұраймыз, - деп мәлімдеді департамент.