Алматыдан 261 шақырым аумақта жер сілкінді
MPV магнитудасы – 4.6
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:21-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.
MPV магнитудасы – 4.6.
Координаттары – 41,10° с.е. 78,32° ш. б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.