«Семейде ер адам балтамен адамдарға шабуыл жасады»: ПД ақпаратқа қатысты түсінік берді
Бұл оқиға Семейде болған деген болжам бар
Әлеуметтік желілерде жартылай киінген ер адамның балта ұстап алып, адамдарға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарап жатыр. Бұл оқиға Семейде болған деген болжам бар. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Жіберіліп жатқан видеоның кадрларынан жартылай жалаңаш ер адам тұрғынның артынан жүгіріп барып, оны жерге құлатып, балтамен ұра бастағанын көруге болады.
Бұл оқиға Семейде болған деген болжам бар. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Оқиға бізде емес, Ресейде болды, - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.