Halyq Uni логотип
×

Олимпиадаға 26 жолдама бар

Пара спортшылар әзірше 11 лицензияны иеленіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2024 | 18:26
Олимпиадаға 26 жолдама бар
Фото: iz.ru

Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар.

Атап айтқанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия.

Ал Паралимпиялық ойындарда өнер көрсететін пара спортшылар 11 жолдаманы алып отыр, – деп хабарлады qazaqstan.tv.

Олардың ішінде жекелей сындар бойынша пара пауэрлифтинг, пара каноэ, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеуден бір-біреуден, ал пара таеквондо мен пара жүзуден үш-үштен лицензия бар.

Паралимпиадада ұлттық құрама команда отырып ойнайтын волейболдан да жарысқа қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама